Видео

Нұр-Сұлтанда Пушкиннің туған күні қалай аталып өтті - видео

Жазылу
6 маусымда бүкіл әлем орыс халқының ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің туған күнін атап өтіп жатыр

Ақын 222 жыл бұрын дүниеге келді, оның жазғаны әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Нұр-Сұлтанда ақынның туған күніне орай әдеби мереке өтті. Пушкиннің ескерткішіне Федор Достаевский шығармаларындағы кейіпкерлермен бірге келіп, өзінің ақын туралы әйгілі сөзін оқып берді.

Халықаралық орыс тілі күніне орайластырылған мерекені Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі ұйымдастырды.

"Біз жастардың назарын аударғымыз келеді. Мереке халықаралық орыс тілі күніне арналған. Қазіргі уақытта орыс тілінде миллиондаған адам сөйлейді. Қазақстанда тілдің деңгейі өте жоғары", - деді ресейлік мәдениет және ғылым орталығының қызметкері Ольга Скальчук.

Жаңалықтар
0