Видео

Еуразиялық экономикалық комиссия сессиясының қорытындысы бойынша видеокөпір өтті

Жазылу
Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі Санкт-Петербург – Нұр-Сұлтан – Бішкек – Ереван – Минск арасында видеокөпір өткізді. Ол  Петербург халықаралық экономикалық форумы – 2021 аясындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның шешуші сессиясының қорытындысына арналды

Видеокөпір барысында Петербург халықаралық экономикалық форумы – 2021 аясында ЕЭК-тің "ЕАЭО: интеграцияның жетістігі мен сын-тегеуріні, дамудың жаңа парадигмасы" шешуші сессиясының қорытындысы талқыланды.

ЕЭК-тің ресми өкілі, ЕЭК алқасы төрағасының көмекшісі Ия Малкина тікелей эфирде журналистердің сұрағына жауап берді және Санкт-Петербург форумындағы ЕЭК сессиясының басты қорытындысы туралы мәлімет берді.

Бейнекөпір Sputnik.kz сайтында және ақпарат агенттігінің Facebook парақшасында көрсетілді.

Жаңалықтар
0