Видео

Қазақстандықтар жазғы демалысын қалай өткізетінін айтты – видео

Жазылу
2021 жылдың жазына санаулы күндер қалды. Пандемияға қарамастан қазақстандықтардың көбі жазғы демалысын жоспарлап қойған

Sputnik Қазақстан тілшілері елорда көшелерін аралап, астаналықтардан биыл жазды қалай өткізетінін сұрады.

Кейбір тұрғындар жаз мезгілінде қалада демалатынын айтты. Бұл жерде балалармен серуендеп, уақытты қызықты өткізуге болатын саябақтар жетерлік, тіпті күн астында қыздырынып, суға шомылуға да болады.

Ал енді бірі коронавирус пандемиясына байланысты еңбек демалысына құрған жоспарын өзгертуге мәжбүр болған.

Кейбіреулері көрші елдерге саяхаттап баруға дайын.

"Биыл жазда біз Қырғызстанға тауға, Ыстықкөлге, Сон-көл және Қаракөлге баруды жоспарлап отырмыз", - деді Нұр-Сұлтан тұрғындарының бірі.

Сауалнама барысында ел ішіндегі курорттарда демалғысы келетін қазақстандықтар да кездесті.

Жаңалықтар
0