Видео

Димаштың туған күніне орай деректі фильм түсірілді – видео

Жазылу
Желіде сирек кездесетін архивтік кадрлар, Димашқа қазіргі заманның ең жарық жұлдыздарының қатарына қосылуға көмектескен педагогтардың пікірі жарияланды

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 24 мамырда туған күнін атап өтті.

Оның дауысын бүкіл әлем біледі. Димаштың орындауындағы қазақ тіліндегі әндер түрлі елдердегі адамдардың жүрегін жаулап жатыр.

Отызға толмаған қазақстандық Димаш Құдайбергеннің қалай әлемдік жұлдызға айналғаны туралы деректі фильм әншінің желідегі каналында жарияланды.

Осы фильмде жұлдызды орындаушының тағдырымен таныс адамдар Димаштың алдында қандай қиындықтар туындағанын айтады, ал әншінің өзі биікке шыққан әр қадамы туралы өз ойын бөліседі.

Жаңалықтар
0