Қазақстан астанасындағы алғашқы Пасха хоры фестивалі 19-21 мамыр аралығында өтті. Онда концерттік бағдарламалар ғана емес, сонымен қатар тақырыптық кинолекциялар, сондай-ақ боялған алып Пасха жұмыртқалары көрмесі ұйымдастырылды.
"Бұл экспозиция ерекше, өйткені мұндай көрме Қазақстанда бұған дейін өтпеген. Пасха жұмыртқаларын бояуға кәсіби шеберлер де, жас суретшілер де қатысты. Беларусь елшілігі, Қазақстан қолөнершілер одағы (Қарағанды қаласы), Тараз қаласындағы "Жамбыл Дарыны" білім беру орталығы, Русский дом жанындағы "Умники" клубы, Успен соборының жексенбілік мектебі пасха жұмыртқаларын көрмеге қойды", - деді Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтандағы Русский дом мәдени-ағарту жобаларының жетекшісі Ольга Скальчук.
Пасха жұмыртқаларының әрқайсысы ерекше және өзіндік стильде жасалған. Мәселен, Беларусь елшілігі сәндік Пасха жұмыртқасын жасады, одан ұлттық мәдениеттің элементтерін көруге болады.
Бірегей экспозиция Қазақ ұлттық өнер университеті, Россотрудничество өкілдігіжәне Орыс православие шіркеуінің қазақстандық митрополиттік округі ұйымдастырған елордадағы бірінші Пасха хоры фестивалі аясында жұрт назарына ұсынылды.
Фестиваль Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және князь Александр Невскийдің 800 жылдығына арналған.