Құны 20 миллион доллар тұратын есірткіні тиеген жүк көлігі ұсталды. Елдің мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, жүк көлігінде 440 килограмм героин болған.
Көлік Ош облысында тоқтатылды, екі қырғыз азаматы ұсталды.
Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті героиннің Таяу Шығыстан Еуропаға жеткізілгенін хабарлады.
Осылайша арнайы қызметтер ірі есірткі арнасының жолын кесті.