Видео

Мәңгілік полк және маскамен өткен шеру: Жеңіс күні ТМД елдерінде қалай тойланды – видео

Жазылу
9 мамырда - 76 жыл бұрын фашистік Германияны тізе бүктірген бұрынғы КСРО елдерінде Жеңіс күні аталып өтті

Атаулы күнге орай ұйымдастырылған ауқымды мереке Мәскеуде ұйымдастырылды. Дәстүр бойынша Ресей астанасы Қызыл алаңда парад өткізді.

Барлық қатысушылар вакцина қабылдағандықтан, алаңға келгендердің бетперде мен қолғапсыз жүруіне рұқсат етілді. Жаяу әскер мен әскери техникалар шеруін Ресей мен Тәжікстан президенті тамашалады. Ал мінбердегі құрметті орындарда ардагерлер мен олардың туыстары отырғызылды.

Оқи отырыңыз: Отанға оралу: Ржев маңында қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылды – видео

Биыл Мәскеуге шетелдік қонақтар неге шақырылмады? Ресми іс-шаралардың тоқтатылғанына қарамастан, ТМД елдерінің қайсысы "Мәңгілік полк" акциясын оффлайн режимінде өткізе алды?

Балтық жағалауы елдерінің басшылығы халықтың көз жасымен келген мерекелік көңіл-күйді бүлдіре алды ма? Назарларыңызға көршілес елдердегі мерекенің жарқын бейнелерін ұсынамыз.

Видеода Strana.ua порталының материалдары қолданылады.

Жаңалықтар
0