15:38 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Видео

Берлиндегі парад және үйге оралу: қайта жанданған кинохроникалар – видео

Қысқа сілтеме алу
65 0 0

Берлиндегі жеңімпаздардың салтанатты шеруі мен үйге оралуы – Ұлы Отан соғысындағы кинохрониканың кадрлары жасанды интеллект көмегімен қалпына келтірілді

Ұлы Отан соғысының кинохроникасы ақ пен қарадан және дақ пен сызаттардан тұратынын білеміз. Біз майдангерлерді тек елестетміз де, ал олардың жүзін мейлінше анық көру мүмкін емес деп ойлаймыз. Себебі, сол кездерде түсірілімнің бар мүмкіндігі солай болды және ол ұзақ уақыт бойы жалғасты.

Алайда, жаңа технологиялар бәрін өзгертті. Бояу технологиясы Рейхстаг пен әйгілі Бранденбург қақпасы маңындағы парадтың сирек түсірілген кадрларына қолданылды. Сөйтіп, кинохроникалар  қайта жанданды. Мұндай эксклюзивті видеоны RT арнасы жариялады.

1945 жылы 4 мамырда Берлин көшесімен жүріп келе жатқан бронды машиналар колоннасындағы танктер мен солдаттар қазіргі заманғы технологиялардың арқасында өз бейнелерін "қалпына келтірді". Жаңартылған кадрлардан сарбаздардың далалық киім кигенін – олардың Жеңіс күніндегі қуанышқа толы жүздерін көруге болады.

Үйлеріне жеңіспен оралған жауынгерлердің әрқайсысы бақыт пен қайғыға қатар кенелді. Өйткені, олардың жиырма алты миллионы Жеңісті көре алған жоқ.

Қайта жанданған кинохроникаларды тазарту мен қалпына келтіру жұмыстары нейрондық желілер көмегімен жүзеге асты. Сарапшылардың пікірінше, жаңа технологияның басты артықшылығы – автоматтандырылған машинкалар "шындықтың қалай болғанын болжауға" бейім.

Оқи отырыңыз: АҚШ әскері Ауғанстан жерінен шығарылды: елде жағдай қалай өзгерді – видео

Сонымен қатар, мұндағы жасанды интеллект адамның миына еліктейді. Мысалы, көз заттың бір бөлігін көрмеген кезде мидың өзі суретті "толықтыра" түседі.

Жасанды интеллект пен нейрондық желілер жұмысынан кейінгі кинохроникалардың қалай болғанын видеодан тамашалаңыз. RT арнасы бейнесюжеттің толық нұсқасын Жеңіс күні көрермен назарына ұсынады.

Кілт сөздер:
Жеңіс күні, Жеңіс күні
Загрузка...

Басты тақырып