07:16 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Видео

Он бес елдің әншісі Жеңіс туралы әндерді өз тілінде шырқайды – видео

Қысқа сілтеме алу
55 0 0
© Sputnik

Жеңіс күні қарсаңында Қырымда жыл сайынғы "Дорога на Ялту" халықаралық музыкалық фестивалі өтеді. Ол жерде қатысушылар соғыс жылдарындағы әндерді өз тілдерінде шырқайды

29 сәуірде Ялтада жартылай финал өтеді, оған 15 елдің өкілдері қатысады: Австрия, Аргентина, Ұлыбритания, Израиль, Индия, Италия, Канада, Қытай, Латвия, Польша, Португалия, АҚШ, Түркия, Франция және Швеция.

Үздіктерді құрамына ресейлік және шетелдік музыканттар мен өнер қайраткерлері кіретін қазылар алқасы анықтайды.

Ал 1 мамырда өтетін фестиваль іріктеуінде қатысушылар ресейлік әншілермен дуэт құрып өнер көрсетеді. Байқаудың жалпы жүлде қоры биыл 60 мың еуроны құрайды.

Сонымен қатар үміткерлер doroganayaltu.ru веб-сайтындағы онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша берілетін "Халық таңдауы" сыйлығы үшін таласады.

Дауыс беру қазірдің өзінде басталды және фестивальдің финалына дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар жеңімпаз есімін гала-концерт кезінде жариялайды.

Оқи отырыңыз: Қазақ қуыршақ өнерінің бастауы: ортеке күйі туралы не білеміз – видео

Өткен жылы фестивальдің жұлдызды қазылар алқасының құрамына Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева кірді. Ол коронавирус пандемиясы салдарынан қашықтан өткізілуіне қарамастан, ірі музыкалық шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалады.

Кілт сөздер:
Жеңіс күні, әнші
Загрузка...

Басты тақырып