07:17 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Видео

Журналистер атыс болған "Бұқар жырау" тұрғын үй кешеніне барды – видео

Қысқа сілтеме алу
59 0 0

Sputnik Қазақстан тілшілері Алматыдағы" Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешеніне барды, онда ер адам оқ атып, содан кейін терезеден секіріп кеткен болатын

Өткен сенбіде қайғылы оқиға болған Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешеніндегі атыстың орны қазір осындай күйде.

Sputnik Қазақстан тілшісі Тимур Ниталиев видеода түсіндіргендей, "бұл 24 сәуірде оқ атқан адам тұрған 17-қабаттағы үйдің алаңы".

Тұрғын үй кешенінің 17-қабатындағы қабырғаларда, төбеде, терезелерде оқтардың ізі айқын көрінеді.

Қазір үйдегі жағдай тынышталды, бірақ үйдің кіреберісінде әлі полиция жүр.

Еске сала кетейік, сенбі, 24 сәуірде қарулы адам алдымен "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісіне оқ атты. Содан кейін ол 17-ші қабаттағы пәтеріне барып тығылды.

9 сағат қоршауда болғаннан кейін ер адам терезеден секірді. Тұрғын үй кешенінің күзет қызметкері жарақат алды.

Загрузка...

Басты тақырып