Видео

Лукашенко Беларусьте әскери төңкерісті кім дайындағанын айтты – видео

Жазылу
Беларусь президенті Александр Лукашенко елде әскери төңкеріс жасауға әрекеттенгендердің атын атады. Толығырақ – осы видеода

Беларусь лидері АҚШ-тың арнайы қызметтері өзіне және балаларына қастандық жасамақшы болғанын айтты.

"Біз шетелдік арнайы қызметтердің жұмысын анықтадық, меніңше Орталық барлау басқармасы, ФБР болса керек, онда америкалықтардың қайсысы жұмыс істегенін білмеймін", - деп атап өтті Лукашенко.  

Бұған дейін Ресейдің арнайы қызметтері Мәскеуде Беларусь заңгері Юрий Зянкович пен саясаттанушы Александр Федутты ұстаған болатын. Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, олар Беларусьте төңкеріс жасауға дайындалған.

Ал осы топқа кірген оппозициялық партияның басшысы Григорий Костусев Беларусь аумағында ұсталды.

Жаңалықтар
0