17:50 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72

Қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов Байқоңыр ғарыш айлағынан "Ю.А.Гагарин" ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалады

Юрий Гагарин 60 жыл бұрын басқарылатын ғарыш дәуірін салтанатты түрде ашқан болатын. Тарихи қадам қазақстандық жерде жасалды.

9 сәуірде 60 жылдық мерейтой қарсаңында Байқоңырдан Ю.А.Гагарин ("Союз МС-18") ғарыш кемесі  ұшырылды.

"Алпыс жыл бұрын ғарышқа алғаш рет Юрий Алексеевич Гагарин ұшты. Оның артынан ерген біздер ғарыш саласына келдік. Ал бүгін біз осы еңбектің жемісін көріп отырмыз. Бүгін тағы бір экипаж ғарышқа аттанды. Барлығы біздің шәкірттер, бұл ғарышкерлердің жаңа толқыны, олардың мүмкіндіктер де басқа. Мен бәрін құттықтаймын, барлығына денсаулық тілеймін", - деді Қазақстанның халық қаһарманы, ашық ғарыш кеңістігіне шыққан тұңғыш қазақ Талғат Мұсабаев.

Оқи отырыңыз: Ғарышкерлер ұшар алдында не істейді – Байқоңырда түсірілген видео

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Кеңес ғарышкері Юрий Гагариннің көк жүзіне самғап, аспан әлеміне алғаш жол ашуы бүкіләлемдік ғылымның айрықша серпінмен қарыштап дамуының жарқын көрсеткішіне айналды.

"Адамның ғарышқа алғаш ұшуы -  таңғаларлық оқиға дер едім. Бұл бүкіл адамзат үшін таңғажайып оқиға. 60 жылдан кейін 600 ғарышкер ғарышта болса да, бұл оқиға біз үшін әлі де маңызын жоғалтпады. Жер орбитасына шыққан уақытта біздің ортақ үйіміз, ғаламшар қаншалықты кішкентай екенін байқауға болады. Барлық елдердің саясаткерлері бірігуі керек. Біз өзімізді бір ғаламшардың, бір үйдің ортақ тұрғынымыз деп есептеуіміз керек. Барлық әріптестерімді, барша қазақстандықтарды адам баласының ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуымен құттықтаймын", - деді ғарышкер, Қазақстанның Халық қаһарманы Айдын Айымбетов Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.

Кілт сөздер:
Байқоңыр, ғарыш
Загрузка...

Басты тақырып