Видео

Байқоңырдан "Гагарин" ғарыш кемесі қалай ұшырылды - видео

Жазылу
Жердегі алғашқы ғарыш айлағы Байқоңырдан Юрий Гагариннің есімімен аталған ғарыш кемесі ұшырылды

"Гагарин" аты берілген "Союз МС-18" кеме экипажының ұшырылуы ғарыш кеңістігін игеру ісіндегі алғашқы қадамға 60 жыл толуына орайластырылды.

Дәстүр бойынша ғарышкерлер ұшу алдында "Космос" қонақ үйіндегі бөлмелерінің есігіне өз қолтаңбасын қалдырып, "Трава у дома" әнінің әуенімен ұшыру алаңына барды.

Оқи отырыңыз: Ресей алғаш рет ғарышқа адамға ұқсайтын роботты ұшырды

Трансляция барысында көрермендер ғарыш әлемінің мерейтойлық ұшырылымына дайындық қалай жүргізілгенін көрді. Екі құрлық пен төрт космодромның ракетасы - "Союз" ғарыш экспедициясының негізгі міндеті туралы хабардар болды.

Жаңалықтар
0