19:58 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Видео

Astana LRT: 16 жылдық тарихы бар даулы жоба бір видеода

Қысқа сілтеме алу
12201
© Sputnik

Sputnik Қазақстан еліміздегі ең даулы ұзақ мерзімді құрылыстың тарихына үңілді. Толығырақ біздің видеодан көріңіз

LRT темірбетон тіректері – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан келе жатқанда көзге бірінші түсетін нысан. Елорда әкімі Алтай Көлгінов бұл "рогаткалар" қаланың көркін бұзып тұрғанын мойындады. Алайда оларды бұзу керек пе, әлде жобаны соңына дейін жеткізу керек пе, билік әзірге шешім қабылдай алмай отыр.

Astana LRT құрылысының тарихы сонау 2005 жылдан басталады. "Аңызға айналған" LRT-ның тіректері 2017 жылы пайда болды. Келесі жылы "Астана Банкі" лицензиясынан айырылып, онда жеңіл рельсті көлік жүйесінің құрылысына бөлінген 258 миллион долларға жуық қаржы уақытша бұғатталды.

2019 жылдың жазында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жобаға жауаптыларды қатаң сынға алды. Кейінірек елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" компаниясының экс-төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, соңғы алты жылда LRT жобасын жүзеге асыруға бюджеттен 156 миллиардтан астам теңге бөлінген.

Загрузка...

Басты тақырып