09:57 21 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD429.76
  • EUR518.16
  • RUB5.64
Видео

Бозжыра шатқалы құс ұшар биіктіктен қалай көрінеді – видео

Қысқа сілтеме алу
101 0 0
© Sputnik

Маңғыстау аймағындағы Бозжыра шатқалының ғарышқа ұқсас керемет көрінісі көрген көзді сүйсіндіріп, көпшіліктің таңданысын тудырады

Бозжыра шатқалы Маңғышлақ түбегіндегі Үстірттің батыс бөлігінде орналасқан. Ол Ақтау қаласынан үш жүз шақырым қашықта жатыр. Бұл жердің таңғажайып тастақты және жартасты аймағы ғарышқа ұқсас ландшафтарды еске түсіреді.

Кейбір саяхатшылар Бозжыраны АҚШ-тағы Үлкен каньонмен салыстырып, оны "Қазақстандық Аризона" деп атайды.

Шатқал – бұл әртүрлі өлшемдер мен пішіндердегі тау жыныстары түзілімінің жартасты жотасы. Бозжыра тауының биіктігі 287 метрге жетеді.

Бозжыра шатқалындағы "Азу" деп аталатын әктастың екі шың – осы өлкені визит картасы десе де болады. Сондай-ақ, шатқалдағы таулардың пішіні киіз үйге, сүңгуір қайық пен бекініске, тіпті құзар шың тәрізді.

Оқи отырыңыз: Арктикада бір уақытта үш атом сүңгуір қайығы қалқып бетке шықты

Бозжыра шатқалы – б.з.д. шамамен 251-66 миллион жыл бұрынғы мезозой кезеңінде – Лавразия мен Гондвана құрлықтары арасында болған ежелгі Тетис мұхитының орнында қалыптасқан деп болжанады.

Бұл жерде Қызыл кітапқа енген жануарлар да кездеседі. Бозжыра ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне енгізілген және "Жабай ұшқан" мемлекеттік табиғи қорығының құрамына кіреді.

Кілт сөздер:
Қазақстан, табиғат
Загрузка...

Басты тақырып