10:01 21 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD429.76
  • EUR518.16
  • RUB5.64
Видео

99 жасында танк жүргізген қария әскерилерді таңғалдырды - видео

Қысқа сілтеме алу
167 0 0

Ұлы Отан соғысының ардагері, медициналық қызмет старшинасы, Гиннес кітабындағы 13 рекордтың иегері 99 жастағы Мария Колтакова Т-72Б3 танкін жүргізіп көрді

Белгород облысы батыс әскери округінің Вислен атқыштар дивизиясының әскерилері ардагер үшін ерекше шеберлік-класын өткізді. 99 жастағы Мария Колтакова әскери полигонда танк жүргізіп көрді. 

"Осы жасқа келгенімде танк жүргіздім. Ерекше сезімде болдым", - дейді қария.

Ардагердің айтуынша, соңғы бес жылда асқан белсенділік танытып жүр. 93 жасында алғаш рет парашютпен секірген. Джип-триалу бойынша кубокта экипаж штурманы болған. Сонымен қатар пневматикалық қарудан ату бойынша өткен жарыста рекорд орнатқан.

Мария Котлакова Курск түбіндегі шайқасқа қатысып, Харьков, Львов, Польша мен Чехословакияны босатуға атсалысады. Соғыс кезінде екі рет контузия алғанына қарамастан майдан даласынан 300-ден астам жаралы сарбазды алып шыққан.

Кілт сөздер:
видео
Загрузка...

Басты тақырып