Видео

Қалада қалай қоршаған ортаға зиян келтірмей өмір сүруге болады?

Жазылу
Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында "Қазақстанның таза қалалары: проблеманы шешу жолдары" деген тақырыпта Экологиялық ұйымдар қауымдастығымен онлайн брифинг өтті

Брифинг барысында қатысушылар қалалықтарды экологиялық өмір салтына тәрбиелеу мен қалалық экожүйелерді қорғауға бағытталған StopMusor әлеуметтік жобасының нәтижелері туралы айтты. Жыл сайын бір қазақстандыққа шамамен 400-450 килограмм қоқыстан келеді.

Тәжірибе көрсеткендей, тұрмыстық қалдықтар әрқашан өз орнына тасталмайды, бұл қоршаған ортаның ластануына әкеледі.  

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметі бойынша, былтыр елде 9 мыңға жуық стихиялық қоқыс тастайтын жер анықталған.

Спикерлер:

  • Айгүл Соловьева, "Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы" басқарма төрағасы;
  • Демеу Сейітжанов, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары;
  • Асхат Сүлейменов, Экологиялық ұйымдар қауымдастығы төрағасының орынбасары.

Брифингтің трансляциясы 31 наурыз күні сағат 11:00-де Sputnik.kz сайтында және біздің YouTube-арнамызда өтті.  

Жаңалықтар
0