Видео

Екінші өмір: Мүмкіндігі шектеулі жанның таңғажайып жетістігі – видео

Жазылу
Қос жанарынан күтпеген жағдайда айырылған қырғызстандық жас жігіт Дастан Қамшыбековтің өмірі кенеттен күрт өзгерді. Ол жүру мен оқуды, өзіне күтім жасауды қайтадан үйренуге мәжбүр болды

Тағдыр тәлкегіне душар болған Дастан өзіне деген сенімді жоғалтпастан спортпен кәсіби түрде айналысуға бел буды.

Алтыншы сыныпта оқып жүрген кезінде Дастан таудан құлап ауыр жарақат алған. Содан кейін көру мүмкіндігі нашарлап, уақыт өте келе мүлдем көрмей қалды.

Алғашында Дастанның көңілі құлазып, мектепке баруды қойды. Кейіннен ата-анасы оны Бішкектегі көз нашар көретін және есту қабілеті төмен балаларға арналған мектеп-интернатқа алып барады. Сонда да ол өзінің жарқын болашағына сенбеген.

Дегенмен, сол жерде жүріп Дастан өз өмірін өзгертуге болатынын түсініп, жүру мен оқуды, тамақ пісіріп, гаджеттерді пайдалануды, өзіне ғана емес, жақындарына да қамқорлық жасауды қайта үйрене бастайды.

Қазір ол паратриатлоннан Азия чемпионатына дайындалып жүр.

"Кейде айналаңнан мүсіркеуді байқағанда, өзіңді шеттетіп жатқандай сезінесің", – дейді ол.

Оқи отырыңыз: Қала тұрғыны пәтерінде қаз бағып, серуенге шығарады - видео

Бірнеше жылдан бері Дастан спортпен кәсіби түрде айналыса бастады. Бүгінде жүгірумен, жүзумен және велосипед тебумен айналысады. Ал бос уақытында мүмкіндігі шектеулі жандармен бірге футбол ойнайды.

Жаңалықтар
0