Видео

Исландия жанартауы атқылады - видео

Жазылу
Исландияның Рейкьянес түбегіндегі Гелдингадалсгос жанартауы атқылаған сәт дронның көмегімен видеоға түсірілді. Табиғаттың бұл ғажайып құбылысы ешкімді бейжай қалдырмасы анық

Исландиялық жанартаудың көрінісі көз тартады. Ел билігі жанартау айналасындағы аймақты ашық қалдырғандықтан таңғажайып оқиғаны тамашалау үшін жүздеген турист пен жергілікті халық жиналды.       

Жанартаудың атқылауын көру үшін Исландия президенті Гудни Йоханнессон де келді. Ол бұл оқиғаны тікұшақтан бақылады.  

Гелдингадалсгос жанартауы Исландия астанасы Рейкьявиктен елу шақырым, елдің негізгі әуежайы "Кефлавиктен" отыз шақырым жерде орналасқан.

Бұдан бұрын Исландияда алты мың жылда алғаш рет Фаградалсфьяль жанартауы оянған болатын.

Видео Sputnik Беларусь-тің Youtube-каналында жарияланды.

Жаңалықтар
0