Видео

Батыс Ресейге қарсы жаңа соғыс ашты – видео

Жазылу
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Батыстың Ресейге қысым жасау әрекеттерін сынға алды. Оның пікірінше, бұл қатаң мақсаттарды көздеп отырған саясатты көрсетеді

Ол бұл әрекеттерді "күштеп демократияландыруға" теңеді. "Олар уақыт өте келе жетілдіріліп, әркез неғұрлым жаңа құралдарды қолдану арқылы іске асып жатыр", - деді Песков журналистерге.

Бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі АҚШ бастаған Батыс Ресейге қарсы жаңа соғыс – сананы улау соғысын жариялағанын мәлімдеді.

Ресейдің қорғаныс министрінің кеңесшісі Андрей Ильницкийдің айтуынша, "өзіндік ойлау қабілетін жойып, қоғамның санасын – өркениеттік негізді өзгерту" осы соғыстың мақсаты болып отыр.

Толығырақ видеодан көріңіз.

Жаңалықтар
0