Видео

Жаңа бейнебаян: Димаш Құдайбергеннің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Жазылу
Әншінің арнасында жуырда ғана жарияланған "Киелі мекен" әні интернетте жүз мыңдаған қаралым жинаған

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Наурызға арналған жаңа бейнебаянын жариялады.

Бұған дейін Димаштың "Киелі мекен" әнінің үзіндісі Youtube-тегі ресми каналында шыққан. Ал туындының премьерасы осы жылдың қаңтар айында DIMASH DIGITAL SHOW концертінде онлайн-форматта көрсетілген.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалар мектепте қалай оқиды – видео

Әннің сөзін жұлдызды орындаушының әкесі Қанат Айтбаев жазды.

Туындыда Отанға деген сүйіспеншілік пен туған жерге, адамдарға деген адалдық дәріптеледі. Сондай-ақ, әнде ата-бабаларымыздың бізге қалдырған байлығын ұрпаққа аманаттау туралы айтылады.

Жаңалықтар
0