Оған "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен Десанттық-шабуылдау әскерлері қатысты.
Жауынгерлік оқ қолданылған маневрлерді қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов бақылады.
Маневрлер алғаш рет бір-біріне қарсы жауынгерлік іс-қимылдарды шартты түрде белгіленген емес, нақты "бағдарламаланған" сипаттағы іс-қимылдармен жүргізілді.
Тараптар жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлап, тактикалық бүркемелеу, бекініс пен басқару пункттерінің орналасуын ауыстыру іс-шараларын орындады.
Қарсылас пен жергілікті жерді барлаған барлаушылар бөлімшелеріне және ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарына баса назар аударылды. Тактикалық іс-қимылдар үздіксіз, күндіз де және түнде де жүргізілді.
Белсенді кезең барысында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері шабуыл жасаса, Десанттық-шабуылдау әскерлері қорғаныс шебінде болды.