Видео

Мәжіліс депутаты қызметтік пәтерін көрсетті - видео

Жазылу
Парламент мәжілісінің 10 қаңтарда сайланған жаңа депутаттары қонақ үйден қызметтік пәтерге көшті. Олардың арасында танымал саясаттанушы Айдос Сарым да бар. Ол VII шақырылымның депутаты ретінде жұмысқа жақын "Нұрсая" тұрғын үй кешенінен уақытша баспана алды

Қызметтік пәтер депутаттық мандат аяқталғанша беріліп отыр. Sputnik Қазақстан тілшілері Сарымның баспанасын көріп қайтты.

Мәжіліске дейін Айдос Сарым Алматыдағы үш бөлмелі пәтерде тұрған. Ал депутат болып сайланғаннан кейін жұбайымен бірге елордаға көшіп келді. Оған екі бөлмелі қызметтік пәтер берілді. Баспананың басты артықшылығы сол, жұмысқа жақын орналасқан. Мәжіліске жаяу баруға мүмкіндік бар.

Қызметтік пәтер тек басқа қаладан келген депутаттарға ғана беріледі. Онда депутаттық өкілеттілік аяқталғанша тұруға болады. Коммуналдық төлемдерді өз қалтасынан төлейді.

"Егер мен мәжілістен кетсем, я болмаса, депутаттық мерзім аяқталса, онда осы үйді тап-таза күйінде тапсыруым қажет. Қазыналық жиһаз. Жатын бөлме де өте қарапайым", - дейді Сарым.

Айта кетейік, қаңтарда өткен сайлаудан кейін мәжілістің құрамы 70 процентке жаңарды. Ең жас депутат 25 жаста.

Жаңалықтар
0