Видео

Қазақстандық барлаушылар атудан оқу-жаттығу өткізді – видео

Жазылу
"Батыс" өңірлік қолбасшылығы барлау бөлімшелерінің әскери қызметшілері түнгі жағдайда атудан оқу-жаттығу өткізді

"Қарабатан" полигонында әскери барлаушылар атыс қаруларының барлық түрін қолданудан шеберлік деңгейін көрсетті.

Қолбасшылық барлаушыларға қойған міндеттердің қатарында ашық жерлерде, сондай-ақ қала жағдайында барлау-іздестіру іс-әрекеттерін ұйымдастыру, торуылға тап болғанда және шабуыл кезінде өзара әрекеттестікті пысықтау жұмыстары болды.

"Батыс" қазақстандық өңірлік қолбасшылығының әскери барлаушылары "далада" 700 сағаттан астам уақыт өткізді, олар әр түрлі жағдайларда ұрыс жүргізу дағдыларын пысықтады.  

Жаңалықтар
0