21:18 19 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.82
  • EUR509.75
  • RUB5.93
Видео

Дүнгендер қазақ тілін оқып жатыр: Қордайдың бүгінгі тыныс-тіршілігі — видео

Қысқа сілтеме алу
Қордайдағы қақтығыс (73)
1243 0 0
© Sputnik

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауылдарда болған жаппай тәртіпсіздікке бір жыл болды. Жергілікті тұрғындар ол оқиғаны әлі ұмыта қоймағаны анық

Бірақ өмір тоқтаған жоқ. Sputnik Қазақстан тілшілері ауылдарды аралап, халықтың көңіл-күйін біліп қайтты.

2020 жылдың ақпанында Қордай ауылдарындағы қақтығыс бүкіл елді дүрліктірген еді. Тұрмыстық кикілжің жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Оқиғаны ұлттар арасындағы араздық деп бағалауға тырысқандар болды. Ең өкініштісі, шиеленіс салдарынан он бір адам көз жұмды. Қыстың ортасында Масаншы, Сортөбе, Ауқатты ауылы тұрғындарының баспанасы, дүкендер, дәмханалар мен көліктер отқа оранды.

Іске биліктегілер мен құқық қорғау органдары араласып, жағдай тұрақтанды. Бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, ауылдар толыққанды қалпына келтірілген.

Бұл қайғылы оқиға ел ішіндегі жылдар бойы күрмеуі шешілмеген көптеген мәселенің бетін ашты. Небәрі бір жылдың ішінде Қордай ауданында біраз өзгеріс болған. Мемлекеттік бюджеттен 392 жобаға 35 миллиард теңге бөлінді, оның 384-і аяқталған. Қалған сегіз жоба биыл іске асырылмақ.

"Кеңес кезеңінен бері шешілмеген үлкен мәселенің бірі халықты газбен толық қамту еді. Ауданда 22 елді мекенді газдандыруға 10,6 миллиард теңге бөлінді", - деді Қордай ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Орынбаев.

Қазір халықтың 95%-і газбен қамтылған, жыл соңына дейін бүкіл ауданға көгілдір отын тартылады деп отыр биліктегілер.

Бұдан бөлек, жөл жөндеуге, баспана, мектеп пен спорт кешендерін салуға қаржы бөлініпті.

Тіл мен дін мәселесі қалай шешіліп жатыр

Дүнгендер тұратын ауыл тұрғындары мемлекеттік тілді жаппай үйрене бастады. Олар балаларын қазақ мектебіне беріп жатыр.

"Жастар жаңа қоғам құрады. Сондай кезде қазақ тілін білу, отанға деген патриоттық сезімнің болуы маңызды. Мемлекеттік тілсіз өзімізге қажет дүниеге қол жеткізе алмаймыз", - дейді Масаншы ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Дыдыр Двумаров.

Мектептерде қазақ тілінде білім алушылар саны артқан. Мысалы, Масаншы ауылында үш мектептің біреуі қазақ тілінде білім береді. Ал ол жерде 900-ден астам дүнген бала оқып жатыр.

Тіл мәселесі дінге де әсер етті. Бұған дейін мешіттерде ұлтына қарап, әркім өз тілінде уағыз айтқан. Дүнгендер қоныстанған жақтағы мешіттер дүнген тілінде, қазақтар тұратын ауылда қазақ тілінде уағыз-насихат жүргізілген. Алайда енді имамдарға мемлекеттік тілді білу міндеттеліп отыр.

"Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен имам болсын, жалпы діни қызметкер, молда, азаншы болсын, кез келген адамның мемлекеттік тілді білуі шарт болып отыр", - деді Қордай ауданының бас имамы Асқар Сатылғанов.

Қордай ауданы бойынша 62 мешіт бар. Ол жерде 87 діни қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 58-і өзге ұлт өкілі. Барлығы қазақ тілін меңгеруде.

Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Тақырып:
Қордайдағы қақтығыс (73)
Кілт сөздер:
видео
Загрузка...

Басты тақырып