Видео

Нұр-Сұлтандағы ботаника бағында банан, кокос, апельсин өседі – видео

Жазылу
Қыста қанша суық болса да, үлкен жылыжай ішінде әрқашан бірқалыпты температура – 18-20 градус болады, мұнда гүлдің жүздеген түрі өседі

Нұр-Сұлтанның сол жағалауында Астана ботаника бағы бірнеше жылдан бері жұмыс істейді, онда саябақ аумағынан басқа екі жылыжай бар. Олардың бірінде нағыз тропикалық өсімдіктер өседі.

Ботаникалық бақта 1000 дана өсімдік бар. Олардың арасында банан мен апельсин ағаштарын, құрма мен кокос пальмасын, цитрустық жемістер мен гүлдерді кездестіруге болады.

Экзотикалық өсімдіктер Қазақстанға Германия, Мексика, Оман, Израиль, Нидерландыдан келеді. Көшеттер мен тұқымдар сондай-ақ көрші елдер: Ресей мен Беларустан да жеткізіледі.  

"Дегустацияны жылыжай қызметкерлері жасайды. Олар картаға дәмі қандай, диаметрі, салмағы қанша екенін жазып отырады. Мұның бәрі арнайы журналға тіркеледі", - дейді тропикалық, субтропикалық өсімдіктерге күтім жасаушы маман Любовь Петриканина. 

Мысалы, оның айтуынша, жылыжайда өсетін апельсин дүкендікіне қарағанда әлдеқайда дәмді.

Мұнда көптеген өсімдіктер ауа-райына қарамастан гүлдейді. Жылыжай ішінде қызметкерлер белгілі бір температураны ұстап тұру үшін арнайы климаттық жүйені пайдаланады – 18-20 градус.

Суару жүйесі автоматты түрде жұмыс істейді. Қажет болса, бақ қызметкерлері ылғал сүйгіш өсімдіктерді қолмен суарады.

Жаңалықтар
0