06:22 07 Наурыз 2021
Тікелей эфир
  • USD419.66
  • EUR500.44
  • RUB5.62
© Sputnik . Жания Уранкаева, Владислав Воднев

Цифрландыру Нұр-Сұлтандағы қар полигонына жетті. Өткен жылы қыста елорда көшелерін қар басып қалғаннан кейін, қар полигонына бақылау камералары орнатылды

Sputnik Қазақстан тілшілері полигонда болып, цифрландыру елорданы қардан тазарту жұмысын жақсартуға қалай көмектескенін біліп қайтты.

Енді коммуналдық қызметтер қар тазалаудан жалтара алмайды. Бақылау камераларын орнату қар шығару көлемін және әр жүк көлігі жұмысының тиімділігін бақылауға көмектеседі.

Қар полигоны 2020 жылдың 12 қарашасында ашылды. Үш айдың ішінде мұнда 641 мың тонна қар түсірілді. Бұл былтырғы қысқа қарағанда 87 мыңға аз.

Қазір елорданың сол жағалауындағы қарды тазартумен 30-дан астам мердігер айналысып жатыр. Аудан бойынша қар тазалауға 400-ден астам адам жұмылдырылды. 12 сағаттық ауысым кезінде полигонға 1300 КамАЗ қар әкелінеді.

Полигондағы он камера әр көліктің мемлекеттік нөмірін және әкелінген қардың көлемін түсіреді.  Жүйе онлайн-режимде жұмыс істейді және ақпаратты бүкіл маусым бойы сақтайды. Мұндай тәсіл коммуналдық қызметтерді тәртіпке келтіріп, адам факторын жояды. Әрбір қызмет көрсетуші қарды тазартып, ақысын уақытында алуға мүдделі.

Загрузка...

Басты тақырып