Видео

"Алғысым шексіз": пандемия әртістер өмірін қалай өзгертті – видео

Жазылу
Коронавирус пандемиясы барша әлемді өзгерткені анық. Барлық салаға әсерін тигізді. Өнер де солардың бірі

Коронавирус пандемиясы басталғалы әлем халықтары, соның ішінде қазақстандықтар да біраз қиындықтан өтті. Адамдар карантин жағдайында өмір сүруге бейімделді. Шектеу шаралары әлі күнге дейін жалғасып келеді. Ал әншілер мен әртістердің өмірі қалай өзгерді? Пандемия олардың шығармашылығына қалай әсер етті?

"Шығармашылық тоқтап қалды. Жалғыз мен емес, өнерде жүрген қаншама ағаларымыз, бауырларымыз, қарындастарымыз бәрі үйде отырып қалды. Оған біз өкінбейміз. Ел не көрді, соны көріп жатырмыз. Аш-жалаңаш емеспіз. Бірақ өнер тоқтамауы керек, өмір тоқтамауы керек. Сондықтан осыдан құтылып, қайта концерт берсек деген арман-тілегіміз бар", - деді Тоқтар Серіков.

Көптеген әртістер пандемияның қиын болғанын алға тартты. Алайда тығырықтан шығудың жолын табуға болады деген ойда. Кейбірі, тіпті, пандемияға алғыс білдірді. Көп нәрсе ұғындырды деп отыр.

Sputnik Қазақстан тілшісі әзірлеген видеода толығырақ.

Жаңалықтар
0