Видео

Сайлаудың алдын ала қорытындысына арналған брифинг – видео

Жазылу
Мәжіліс жіне жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы 10 қаңтар кешкі сегізде аяқталған болатын. Сайлау комиссиясының мүшелері он екі сағат бойы дауыс санады

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. ОСК-ның мәліметіне сәйкес, үш партия 7 проценттік межеден асты.

  • Қазақстан халық партиясы – 9,10%;
  • Nur Otan – 71,09%;
  • Ақ жол –10,95%;
  • Ауыл–5,29%;
  • Адал –3,57%.

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы

10 қаңтарда қазақстандықтар мәжіліс пен мәслихат депутаттарын партиялық тізіммен таңдады. Халық бес партияға дауыс берді. 

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, 216 мәслихатқа 3 276 депутат сайланады. Соның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мәслихаттары (589 мандат), 36 облыстық мәслихаттар (596) және 163 аудандық мәслихаттар (2 091 мандат) бар. 

Ал мәжіліске 107 депутат сайланады. Олардың ішінде 98 депутат партиялық тізіммен өтсе, тағы 9 депутат Қазақстан халқы ассамблеясының атынан мәжіліске келеді.

Жаңалықтар
0