23:33 15 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
© Ruptly

Коронавирус пандемиясы кезінде қандай бизнесті қолға алу керек? Германиялық кәсіпкер бұл сұрақтың жауабын тапты

Дәстүрлі рождестволық ойыншықтар өндіретін Тино Гюнтердің отбасы жүз жылдан астам уақыттан бері ағаш мүсіншелер жасайтын фабриканы иеленіп келеді. 

Тино Еуропаның дәстүрлі жәрмеңкелерден бас тартуы бизнесіне зиян тигізетінін дер кезінде түсінді. Ол кем дегенде 2021 жылы сұранысқа ие болатын жаңа өнімге идея іздей бастапты.

Пандемия бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашты – табысты идеялар туралы видео

Сол кезде кәсіпкер теледидардан Германияның жетекші вирусологы Кристиан Дростеннің сөйлеген сөзін кездейсоқ көріп қалады. Оған табан астынан идея келді: 2020 жылдың сөнбейтін жұлдыздары – дәрігерлер. Тино Гюнтер фабрикасы дүниежүзіндегі адамдардың өмірін сақтап қалатын дәрігерлерге құрмет көрсете отырып, өз кейіпкерін – коронавирус бейнесінде тұрған ақ халат пен маска киген вирусолог дәрігерді жасап шығарды.

Бұл ерекше қаһарман: фигураның ішіне антисептиктің әсерін беретін хош иісті майшам орналастырылған, сол себепті дәрігерлер барлығына бірдей көмектеседі – олар бір мезгілде адам өмірін құтқарады, фабрика қызметкерлерінің жұмыс орнын сақтайды және сатып алушылардың үйіндегі вируспен күреседі.

Бүгінгі таңда Тино Гюнтердің фабрикасы мыңдаған осындай мүсіншелерге тапсырыс алып жатыр.

Загрузка...

Басты тақырып