Видео

Нұр-Сұлтанда "Тақтар ойыны" сериалына ұқсас стильде қалашық пайда болды – видео

Жазылу
Нұр-Сұлтанда ерекше қысқы қалашық пайда болды. Декорациялар әйгілі "Тақтар ойыны" сериалын еске салады. Spunik Қазақстан видеосынан қалашықтың қандай екенін көріңіздер

Биіктігі алты метрлік алып айдаһар ортағасырлық қамалды қорғайды. Ол аузынан жалын шашуға дайындалып тұр. Оның артында қабырға бар, ол жерде жауынгерлер сауыт киіп, қорған болып тұрады.

Триатлон паркіндегі бұл алаң жақын арада астаналықтарды қызықтыратын орталыққа айналғалы тұр. 30 желтоқсанда кешке бұл жерде Winter Fest фестивалі өтті: ересектер мен балалар бақылау палубасына көтеріліп, аниматорлармен бірге көңіл көтеріп, ертегі кейіпкерлерімен суретке түсті. Сонымен қатар 30 метрлік төбешіктен сырғанады.

"Урбанистика орталығымен бірлесіп алаңды ортағасырлық қамал түрінде ұйымдастыру тұжырымдамасы әзірленді. Бұл қаланың құрылысына бір айға жуық уақыт кетті, екі ұйым ішінде шамамен 60 адам жұмыс істеді. Алаңды дамытуға кәсіпкерлер қатысты. Мұнда шағын сәулет формалары, мүсіндер, тамақтану орны бар. Мұз мүсіндері де кәсіпкерлер есебінен қойылады", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы ауданы әкімдігі инфрақұрылым бөлімінің бастығы Ербол Жағыпаров.

Алаңның орталық фигурасы – биіктігі алты метр айдаһар. Оның қанаты – бес метр. Оны бес адамнан тұратын мүсіншілер тобы жасаған, дейді Жағыпаров.

Ол ауданда осы алаңнан басқа қысқы ойын-сауыққа арналған он нүкте бар екенін айтты. Мысалы, Бейбітшілік және келісім сарайы ауданында (Пирамида), "Қазақ елі" монументі жанында, сондай-ақ Ақбұлақ өзенінде төбешік пен мұз айдынына шығуға болады. Сонымен қатар 2020 жылы шалғай тұрғын үйлер маңында бес сырғанақ алаңы мен екі мұз айдыны, үш мектеп жанында мұз айдыны пайда болды.

"Байқауда мұз айдындары мен қалашықтарды құру кәсіпорны жеңіске жетті. Соммасы 80 миллионға ауданды толық қамтамасыз етуге шарт жасалды. Бұл жерде бір емес, оң алаң бар. Сонымен қатар түнде сырғанауға болатындай қосымша жарықтандыру қойылды. Балалар қысқы демалысқа шығады, олар таза ауада көп уақыт өткізуі керек", - деп түйіндеді Жағыпаров.

Айта кетейік, бұған дейін елордада мұз қалашықтары, ойын-сауыққа арналған қысқы алаңдар, фотоға түсуге арналған орындар және таза ауада серуендеуге болатын демалыс орындары ашылғаны хабарланды.

Жаңалықтар
0