Видео

Диджей 2020 жылдың маңызды оқиғаларын небәрі 4 минутта көрсетті – видео

Жазылу
Желіде жарияланған роликті миллионға жуық адам тамашалаған. Диджей туындыны өзінің YouTube арнасына жүктеді

Швейцариялық "Дыбыс суретшісі" Cee-Roo 2020 жылдың маңызды оқиғаларына арнап төрт минуттық музыкалық ролик жасады.

Видеода коронавирус пандемиясы, әскери қақтығыстар, балкондағы адамдар, АҚШ-тағы Black Lives Matter қозғалысы, мемлекеттік төңкеріс, табиғи апаттар көрсетілген.

Мемлекет басшыларының арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.

Cee-Roo - "әлем музыкасын" зерттеуші. Өз шығармашылығында әлемнің түрлі еліндегі музыкалық композицияларды қолданады.

Жаңалықтар
0