Видео

Елордалықтар Абай мен Тоғжанның махаббатына куә болды - видео

Жазылу
Нұр-Сұлтанда жаңадан ашылған Музыкалық жас көрермен театры Мұхтар Әуезовтың "Абай–Тоғжан" музыкалық драмасымен салтанатты түрде тұңғыш маусымын ашты

Биыл қыркүйектің соңында арнайы кастинг ұйымдастырылып, актерлердің қатарына 50-ден астам дарынды әртіс таңдап алынды. Олардың ішінде 71-ші Канн халықаралық кинофестивалінің жеңімпазы Самал Есләмова, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов, Әділхан Макин, Расул Усманов және тағы басқа жас әртістер бар. Олар алғашқы спектакльдің премьерасында өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Sputnik тілшілері де Абай мен Тоғжанның махаббатын тамашалап қайтты.

Жаңалықтар
0