18:18 20 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Видео

72 жаста: қыста жалаңаштанып жүгіретін алматылық ақсақал кеңес берді – видео

Қысқа сілтеме алу
693 0 0
© Sputnik . Тимур Батыршин, Айгерім Таубай

72 жастағы алматылық Сепболсын Ақашев 50 жылдан аса уақыттан бері жүгірумен айналысады. Ол жүгіруді бала күннен әдетке айналдырған

"Біз ауылдық жерде тұрдық. Сарыағашта бала күнімде таңертең жалаңаш жүріп мал жайдым. Сонда әке-шешем ауырасың деп ұрсатын. Кейіннен ұрысуды да қойды. Ес білгелі осылай жүгіріп келемін, шамамен 18-19 жасымда бастадым", - дейді ақсақал.

Айтуынша, ер жеткен соң жұмысқа да жүгіріп баратын болған. Алайда бұл қызығушылығы жайлы ешкімге тіс жармаған. Ел ағасы атанған шақта астана көшелерінде, Көкшетау орманында жүгірген Сепболсын ата бүгінде президент паркінде жаттығады.

Алматыда ауа температурасы 10-11 градус аязды көрсетіп тұр, ал ақсақал күн суық емес екенін айтты. Ол елордада 35-40 градус аязда да жүгірген. 

"Астананың аязы мен желі қосылып денеңді тілгілегендей болады. Сондай кезде рақаттанып жүгіресің", - дейді ақсақал.

Ол жүгірген кезде қолынан гір тасын тастамайды. Төрт шақырым жүгірген соң жаттығу жасайды. Әр жаттығуға 3-4 минут уақыт жұмсайды.

Елу жылдан бері жүгіргеніне қарамастан, Сепболсын Ахашов ешқандай марафонға қатыспаған. Ал жалаңаштанып жүгіргісі келетіндерге көктемде бастауға кеңес берді.

"Жалаңаш жүгіргісі келетіндерге, алдымен, киіммен жүгіруді ұсынамын. Одан кейін жүгіруді көктемнен бастау керек. Біраз жер жүгіріп, дәл сондай шақырымды жаяу жүрген жөн. Жүгірген кезде адамның екінші демі ашылады. Оның нақты уақыты жоқ, әркімде әртүрлі уақытта пайда болады. Көп адам екінші тыныс ашылғанша шыдамайды, тастап кетеді", - дейді ол.

Айтуынша, ақсақалға екінші демі ашылғанша 200-300 метр жүгіру керек.

Ерекше жан жайлы толығырақ біздің видеодан көре аласыз.

 

Тақырып бойынша

Батагөйлер арасында чемпион атанған ақсақал бата берудегі басты кемшілікті атады
Қысы-жазы жалаңаштанып жүгіретін ақсақал індеттен қалай қорғанып жүргенін айтты
Аспандағы таңғажайып шамдар: ерекше құбылыстың видеосы жарияланды
Головкин титулдарын қорғап, рекорд орнатты – жекпе-жек видеосы
72 жаста: қыста жалаңаштанып жүгіретін алматылық ақсақал кеңес берді – видео
Загрузка...

Басты тақырып