Видео

Балалар бөлімшесі бар Қазақстандағы тұңғыш COVID-аурухана қандай – видео

Жазылу
Коронавирус жұқтырған пациенттерге арналған модульдік аурухана Алматыда ашылған болатын. Ол Қалқаман ауданында Aport сауда ойын-сауық орталығының маңында орналасқан. Толығырақ видеода

Ауруханада 12 бөлімше бар: мельцер бокстары, палаталар, қабылдау-диагностика және жансақтау бөлімшелері, зертхана, тамақтанатын жер, кір жууға арналған орын.

Бұдан бөлек, медициналық газдар станциясы, жергілікті тазарту құрылғылары, жедел жәрдем көліктеріне дезинфекция жасайтын барьер және медициналық қалдықтарды жоюға арналған блок бар.

Аумақта қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасының филиалы да салынды.

"Қалада балалар ауруханасы 700 мың тұрғынға арналған. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 2 миллионнан асты. Сондықтан осы жерде инфекциялық патологиялары бар балаларға арналған филиал ашылды", - деді Алматы балалар инфекциялық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин.

Аурухана 300 бүлдіршінге арналған.

Жаңалықтар
0