Видео

Нұр-Сұлтанда ең әдемі мұз айдыны пайда болды – видео

Жазылу
Желтоқсан айының соңында астанада мұз айдындары ашылды. Аязды күнге қарамастан, елордалықтар отбасымен бірге таза ауада уақыт өткізуге асығуда. Бұл, әсіресе, пандемия кезінде пайдалы, дейді олар

Sputnik Қазақстан тілшілері де мұндай мүмкіндікті қалт жібермеді.

5 желтоқсаннан бастап ЭКСПО аумағында мұз айдыны ашылды. Тұрғындар мұнда 12.00-23.00 аралығында келе алады. Өзінің конькиі барлар үшін кіру тегін. Жалға берілетін аяқкиімдер де бар.

Мұз айдынының қызметкері Венера Жақсынбетова күніне 300-ге жуық адам келетінін айтады.

"Сағат 19:30-20:00 кезінде техникалық үзіліс жасап, мұзды тазалаймыз. Кешкі сегізден он бірге дейін келесі сеанс болады. Кіру тегін, конткиді жалға беру құны - 500 теңге", - деді ол.

Коньки тебудің қыр-сырын үйренгісі келетіндер қосымша ақы төлеп, инструктор көмегіне жүгіне алады.

Толығырақ видеода.

Жаңалықтар
0