Видео

Қазақстандық дзюдошы көзі көрмесе де, қарсылас шақ келтірер емес - видео

Жазылу
Қазақстандық Бауыржан Арыстанбеков үшінші сыныпта жарақат алып, көз жанарынан айырылды. Алайда бұл оның дзюдо, джиу-джитсу және грэпплингпен айналысуына кедергі болмады

Арыстанбеков спортқа 27 жасында келді. Дзюдодан мемлекеттік бапкер Жандос Қонысбаев осындай кеңес берген. Арыстанбеков екі мәрте ел чемпионатының финалына шықты, 2018 жылы Джакартада өткен Азия параойындарында жүлдегер атанды. Қазір ол ұлттық құрама сапында.

"27 жасқа дейін спорттың не екенін білмедім. Бала кезімде шұғылданған жоқпын. 3-сыныпта көзіме шыны түсіп, жарақат алдым. Бастапқыда бір көзім көрмей қалды, кейін екінші көзіме де әсер етті. Қазір мен көпбалалы әкемін. Үш ұлым мен үш қызым бар. Балаларыма үлгі болсам деймін", - деді ол Sputnik Қазақстанға

Параолимпиадалық дзюдоның ережелерінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Басты ерекшелігі - спортшылар бір-бірін кимонодан ұстап, белдеседі.

Спортшы дзюдодан бөлек, джиу-джитсу және грэпплингпен айналысады. Ол мүмкіндігі шектеулі жас қазақстандықтарға кеңес берді.

"Бастысы, жүректегі сенім сөнбеуі керек. Жүрек бастысы, ал көру қабілеті айтарлықтай маңызды емес. Мүгедектік - адамға берілген сынақ", - деді Арыстанбеков.

Ерекше спортшы жайлы видеода толығырақ.

Жаңалықтар
0