Видео

Конор Макгрегордан айнымай қалған қазақстандық шоумен болып кетті - видео

Жазылу
Қазақстандық Бахрам Сапарбаев белгілі MMA спортшысына ұқсастығының арқасында танымал болды. Оның өмірі қалай өзгергенін видеодан көре аласыз

Отыз жастағы Бахрам Сапарбаев көлікті тұраққа қоятын қызметкер болған. Ол сақалын өсірген кезде әріптестері  Конор Макгрегорға ұқсайтынын айтқан. 

Өзге адамдар да MMA спортшысынан айнымай қалғанын байқады.

Басында Бахрам әзілдеп жауап берді. Кейін осы ұқсастықтың арқасында өмірін өзгертемін деп шешті. Ол спортшының жүрісі мен мимикасын қайталай бастаған.

© AFP 2024 / VALERIE MACONMMA спортшысы Конор Макгрегор
Конор Макгрегордан айнымай қалған қазақстандық шоумен болып кетті - видео - Sputnik Қазақстан
MMA спортшысы Конор Макгрегор

Бахрам әлеуметтік желіде аккаунт ашып, Макгрегор образындағы суреттері мен видеоларды жүктей бастады. Оны жұрт танып, телешоуға шақыратын болды.

Толығырақ видеода.

Жаңалықтар
0