Видео

Тауда сирек кездесетін жыртқыш туралы әсерлі видео түсірілді

Жазылу
Желіде Қырғызстанның тауларында серуендеп жүрген қар барысының видеосы жарияланды. Бұл видео квадрокоптер арқылы түсірілген

Видеоролик Қырғыз Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының YouTube арнасында жарияланды (UNDP in the Kyrgyz Republic).

"Саудаға жәрдемдесу" жобасы аясында Қырғызстанның шалғай аймақтарына ұйымдастырылған экспедицияға қатысушылар қар барысын көріп, видеоға түсіру мүмкіндігіне ие болды.  

Экспедиция Қызыл кітапқа енген жануарды қыркүйек айының соңында Ыстықкөл облысындағы Қара-Сай деп аталатын жерде кездестірген.

"Қырғызстан –  таңғажайып ел. Мұнда жоспарланбаған көп нәрсе болуы мүмкін. Осы жағы қызықтырады. Табысқа жетемін деп үміттенбесең де, жеңімпаз болып ораласың –  шытырман оқиғалы туризм деген осы. Тау иесі – қар барысы мұны дәлелдеді", - деп Sputnik Қырғызстан ұйым өкілінің сөзінен үзінді келтірді.

23 қазанда әлемде Қар барысы немесе ілбіс күні аталып өтеді. Қызыл кітапқа енген бұл әдемі жануарды сақтап қалуға Қазақстан да барынша күш салып жатыр. Жыртқыш Орталық және Оңтүстік Азияның тау жоталарында 2000-6000 метр биіктікте өмір сүреді.   

Жазда ілбіс жемтік іздеп тауға көтеріледі, қыста тау етегінде аң аулайды.

Қазақстанда қар барысын Алтайда, Батыс және Солтүстік Тянь-Шаньда, Жетісу Алатауында (Жоңғар Алатауы), сондай-ақ Сауыр мен Тарбағатай жоталарында кездестіруге болады.

Жаңалықтар
0