Видео

Таулы Қарабақ: ресейлік бітімгерлер Лачин дәлізін минадан тазартты

Жазылу
Ресейлік бітімгерлер Таулы Қарабақтағы Лачин дәлізі мен мойындалмаған республиканың астанасы – Степанакертке дейінгі жолды толығымен минадан тазартты

Сондай-ақ, олар Шуша қаласының маңында бақылау бекетін жасақтады. Бұл Лачин дәлізі арқылы қозғалысты қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Алғашқы көліктер осы учаскеден өтіп үлгерді. Босқындар жақын арада Армениядан осы дәлізбен мойындалмаған Таулы Қарабаққа орала бастайды.

Таулы Қарабахтағы жағдай қыркүйек айының соңында шиеленісе түсті. 9 қарашада Әзербайжан, Армения және Ресей басшылары аймақтағы атысты және әскери қимылдарды толық тоқтату туралы үшжақты келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, Ресейдің бітімгерлік күштері де Қарабақта орналасады.

Жаңалықтар
0