Видео

Ғашығы сезімін бағаламады: астаналық жігітті құтқару операциясы - видео

Жазылу
Елордалық полицейлер ер адамды құтқару операциясын өткізді. Ол ауыр жарақат алып, тіпті, мерт болуы мүмкін еді

Жансүгіров көшесіндегі жылу жолының аркасында ер адам отырғаны туралы хабар түскен. 

Оқиға орнына бірінші болып құрамында аға лейтанант Руслан Әбдіқалықов пен лейтенант Ролан Атабаев болған патрульдік полиция экипажы жетті.

Мас ер адам жерге түсуден бас тартқан. Ол осылайша сүйіктісінің назарын аударысы келіпті. Полицейлерді де, туыстарын да тыңдағысы келмеді. Бұл бір жарым сағатқа созылған.

Осы уақыт ішінде арканың астына үрмелі құтқару жастығы қойылды. Ал полицейлер болса, құбырмен ер адамға қарай көтеріле бастады. Жақындаған соң инспектор Руслан Әбдіқалықов секіріп, жігітті қолымен ұстап үлгерді. Екеуі де құтқару батутына құлады.

Сондай-ақ, адамды құтқаруға медициналық-әлеуметтік реабилитация орталығының санитары Жандос Сапаров та көмектесті. 

Ауруханаға жеткізілген 27 жастағы ер адамға медициналық және психологиялық көмек көрсетілген.

Жаңалықтар
0