Видео

Автокөлік орындығын қыздыру неге қауіпті - видео

Жазылу
Қазақстандықтар күз түсіп, күн суытқаннан кейін жүргізуші орындығын жылыту функциясын жиі қолдана бастады

Sputnik Қазақстан тілшілері елордадағы жүргізушілермен сұқбаттасып, андролог дәрігерден кімдерге жүргізуші орындығын жылытуға болады, ал кімдер одан бас тартуы қажет деген сауалдың жауабын білуге тырысты.

Елордадағы көлік иелерінің басым көпшілігі жүргізуші орындығын жылыту функциясын қолданады. Бұл – таңғаларлық жағдай емес. Себебі, қыста ауа температура нөлден 35-40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Алайда, уролог-андролог, жоғары санатты дәрігер Елена Подборнова қыздыру функциясын пайдаланған кезде температураның күрт төмендеуіне жол бермеу керек екенін атап өтті. Егер жүргізуші көшеде ұзақ уақыт жүріп, тоңып қалса, мұндай жағдайда көлік орындығын күрт жылытып жіберу денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.

Жүргізуші қыздыру функциясын көлікке отырар алдында қосып қойғаны абзал, содан кейін температураны бәсеңдетіп немесе толығымен өшіріп қою қажет.

"Жылытқан кезде, қатты қыздырып жібермеу қажет (...) Алдын ала жылытып қойып, отыратын кезде бірден бәсеңдетіп қою қажет. Міне, бұл ең оңтайлы әдіс", - дейді дәрігер.

Ағзасында кез келген өткір қабыну процесі бар, сонымен қатар қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға жүргізуші орындығын қыздыру функциясын мүлдем пайдалануға болмайды Бала жоспарлап жүрген ер азаматтар да көлік орындығын асқан сақтықпен қыздырғаны жөн. Жылыту функциясын үнемі қолдану сперматозоидтардың белсенділігін де төмендетуі мүмкін.

Маманның пікірінше, әйелдер бұл фунцияны қолданғанда температураның күрт өзгеріп кетпеуін қадағалап отыруы қажет, сондай-ақ, көлік ішінде өздерін қалай сезінетініне баса мән бергені жөн.

Жаңалықтар
0