Видео

Беларусьтегі жағдайға байланысты Лукашенконың толық сұхбаты - видео

Жазылу
Беларусь президенті Александр Лукашенко ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатындағы елдегі наразылықтар мен оппозицияға көзқарасы туралы айтты. Қолына неліктен автомат алғанын түсіндірді. Толығырақ видеода

Александр Лукашенко Минск қаласында журналистерге екі сағат бойы сұхбат берді. Ол БАҚ өкілдеріне елдегі дүрбелең, күш құрылымдарының әрекеті, кәсіпорындардағы наразылық туралы не ойлайтынын айтты. Сондай-ақ, қолына неге автомат алғанын түсіндірді.

Тәуелсіздік сарайы - Беларусь көшбасшысының ресми резиденциясына RT және "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньян, Бірінші арна тілшісі Антон Верницкий, "Вести" бағдарламасының жүргізушісі Евгений Рожков және "Говорит Москва" радиостанциясының бас редакторы Роман Бабаян барды.

Журналистердің сұрағына жауап берген Лукашенко оппозициялық Үйлестіру кеңесі өкілдерімен келіссөз жүргізбейтінін жеткізді. Ол дүрбелеңге Батыс елдерінің қатысы бар деген ойда.

Толығырақ видеодан көре аласыз.

Жаңалықтар
0