Видео

Төтенше жағдайдан кейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда өмір қалай өзгерді – видео

Жазылу
Ұзақ үзілістен кейін қоғамдық көлік жұмысы қайта жанданды, тұрғындарға саябақтар мен гүлзарларда серуендеуге рұқсат берілді

Екі айға жуық Қазақстан төтенше жағдай режимінде өмір сүрді. Үйден тек дүкенге, дәріханаға және жұмысқа баруға рұқсат етілді. Төтенше жағдай режимі 11 мамырда алынып тасталды.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда қала ішіндегі автобустар іске қосылды, саябақтар мен гүлзарлардан қоршаулар алынып тасталды. Енді тұрғындарға таза ауада еркін серуендеуге болады, алайда үш адамнан артық жиналуға рұқсат жоқ.

Әскерилер мен Қарулы күштердің техникасы блок бекеттен кетіп жатыр. Банктер мен азық-түлік сатпайтын дүкендер біртіндеп ашылуда. Тұрғындар кезекті сыртта күтуі керек, себебі ғимарат ішіне кіруге болатын адамдардың санына шектеу қойылған.

Алайда коронавирустың таралу қаупі сейілмей тұр, сол себепті кейбір шектеулер сақталады. Әлі де бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған, сауда ойын-сауық орталықтары, мейрамхана, дәмхана мен діни мекемелер жабық.

Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін не болып жатқанын Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.

Жаңалықтар
0