Видео

Қазақстан мен Ресейдің танымал опера әншілері "Тырналар" әнін онлайн орындады – видео

Жазылу
Танымал үш баритон Жеңіс күні "Тырналар" халықаралық онлайн-жобасына қатысты. Опера әншілерінің тамаша орындауындағы әскери жылдардағы әннің видеосын назарларыңызға ұсынамыз

Әйгілі "Тырналар" әнін "Астана Опера" жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев, Ресей Үлкен театрының шақырылған солисі Василий Ладюк, Абай атындағы МАОБТ солисі Расул Жармағамбетов шырқады. Композиция "Астана Опера" театры опера труппасының бас концертмейстері Елена Сахноның, "Астана Опера" симфониялық оркестр музыканттары мен хор әртістерінің сүйемелдеуімен орындалды.

Тағы оқыңыз: Тараздық ардагер соғыста өзі құтқарған баланы іздеп жүр

"Әріптестеріммен бірге осынау аңызға айналған композицияны орындау мен үшін үлкен қуаныш болды. Өнердің шекарасы жоқ, музыка адамдарды жақындастырады, діни сенім мен ұлтқа қарамастан, бұл біздің ортақ мерекеміз. 9 мамырды қуана-қуана қарсы аламыз, себебі бұл баршамызға ортақ тарих, оны естен шығаруға болмайды. Бейбіт өмір үшін күрескен батырларымыз мәңгі есімізде, оларды мақтан тұтамыз, олар өз Отанын қорғап, жанын қиюға дайын болған. Бұл жоба – соғыс жолын жүріп өткен бабаларымыздың рухына тағзым етіп, еске алу және бүгінде қасымызда қалған аз ғана батырларымызға құрмет көрсету. Оларға мықты денсаулық тілей отырып, бақытты да баянды өміріміз үшін жасаған ерліктеріне мың алғыс білдіреміз", – деді "Астана Опера" театрының жетекші солисі Талғат Мұсабаев.

"Тырналар" әні Расул Ғамзатовтың сөзіне жазылған композитор Ян Френкельдің қаламына тиесілі (орыс тіліне аударған – Наум Гребнев). Туынды соғыс кезінде қаза тапқан жауынгерлерге арналған.

Опера әншісі "Тырналар" күрделі ән екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Көзі тірісінде білмей кетті: Ілияс Есенберлиннің туыстары тың деректі бөлісті

"Тырналар" – күрделі ән, себебі біз оның қаһармандарының тағдырын сезінеміз, қамығамыз. Соғыс – бұл қасірет, ол көптеген жанның өмірін қиды, отбасыларды бұзды, адамдарды мүгедек етті. Олардың ішінде біздің жақындарымыз бен туыстарымыз да бар. Осы туындыны орындай отырып, Ұлы Отан Соғысында осынау Жеңісті алып келген жандардың барлығын еске аламыз. Ардагерлеріміз жыл сайын осы мерекелік күнде біздің назарымызды күтеді, сондықтан біз, музыканттар, Ұлы Отан соғысында көрсеткен олардың батырлығы мен ерлігі үшін өз шығармашылығымызбен ардагерлерімізге шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді", – деп атап өтті Мұсабаев.

Жоба менеджері Елена Сахноның айтуынша, бес жыл бұрын 9 мамыр ол үшін ерекше мейрамға айналған, себебі ол өз атасы Евгений Михайлович Васнецовтің көптеген қазақ жауынгері қаза тапқан Ленинград түбіндегі шайқаста басын қатерге тіккенін білген.

Жоба Қазақстандағы Ресей ынтымақтастық өкілдігімен бірлесіп жүзеге асырылды. Жыл сайын "Астана Опера" МОБТ Жеңіс күніне орай құрметті қонақтар –  Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен концерт өткізетін. Карантинге қарамастан театр ұжымы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлері мен тың еңбеккерлерін елеусіз қалдырмай, сый-сыяпат жасады.

Жаңалықтар
0