Видео

"Atamnyn Amanaty": Ресей елшісі қазақстандық челленджге қатысты

Жазылу
Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкин жалпықазақстандық "Atamnyn Amanaty" челленджіне қатысып, Ұлы Отан соғысында болған туыстары туралы айтып берді

"Еліміздегі көптеген отбасылар секілді менің де туған-туысқандарым соғыс жылдары қан майданға аттанды. Олардың ішінде әкемнің немере ағасы Владимир Александрович Бородавкин және немере ағаларым Дмитрий Аркадьевич Маишев пен Евгений Аркадьевич Маишев", - деді Алексей Бородавкин.

Оның айтуынша, Владимир Бородавкин 1941 жылдың желтоқсаны - 1942 жылдың басында Қырым түбегіндегі операцияға қатысқан. Сол жерде ауыр жараланып, кейін елге қайтарылады.

Алексей Бородавкиннің немере ағалары соғыстың соңына дейін әскер қатарында болған. Олардың бірі - аға сержант-зеңбірекші, екіншісі - көлік жүргізушісі.

"Өкінішке қарай, олар қазір жоқ, біздің отбасы оларды құрмет тұтып, ешқашан ұмытпайды", - деп қосты Бородавкин.

Сөз соңында Қазақстандағы Ресей елшісі халықты Жеңіс күнімен құттықтады.

Жаңалықтар
0