Видео

Сириядан қайтарылған қазақстандықтар сотталып жатыр – видео

Жазылу
Нұр-Сұлтанда Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты ашық сот тыңдауы өтті. Олар ДАИШ* террористік ұйымының қатарында ауыр қылмыстар жасады деп айыпталып отыр. Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көре аласыз

Тергеудің мәліметінше, айыпталушылар бұрын ДАИШ* содыры болған.

Он төрт қазақстандыққа террорлық әрекетке қатысты, терроризмге тартты және насихаттады, сондай-ақ басқа да ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылды. Олар "Жусан" арнайы операциясы аясында Қазақстанға оралды.

Сот тыңдауында прокурор олардың кейбірінің жантүршігерлік қылмысын жариялады. Прокурор Еділ Мұраттың айтуынша, сотталушылардың ішінде Газинұр Бақытжанов пен Аманжол Жансеңгіров террористік сипаттағы роликтер түсірген.

"Сондай-ақ, қарулы қақтығыстан кейін ИГИЛ* террористік ұйымының мүшелрі төрт адамның басын кесіп алып, жұртты үрейлендіру мақсатында қала көшелерінің біріне жеті тәулікке тастап қойған", - деп атап көрсетті прокурор.

Тағы оқыңыз: "4 адамның басын кесіп алған": қазақ жігіттерінің Сириядағы қылмысы жарияланды

Прокурордың айтуынша, террористік топ мүшесі осы бастардың бірін аяғымен басып, қару ұстап тұрып суретке түскен. Ол сурет ғаламтор арқылы көпшілікке тарап кеткен.

Олар бұл әрекеттерімен көпшілік назарын аударып, адам бойында қорқыныш пен үрей сезімін тудыруды көздеген.

Жалпы ҰҚК мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестерімен бірге Сириядан 595 қазақстандықты қайтарды, олардың 400-ден астамы балалар.

*ДАИШ – Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым

"Жусан" –  қазақстандықтарды Сириядағы ұрыс алаңдарынан қайтару мақсатында 2019 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өткізілген арнайы операция

Жаңалықтар
0