Видео

Димаштың Нұр-Сұлтанда өткен концертінің толық видеосы жарияланды

Жазылу
Танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген YouTube желісіндегі ресми арнасында Arnau концертінің толық видеосын жариялады

Бір тәулікке толмайтын уақыт ішінде видеоны жетпіс мыңға жуық адам тамашалаған.

Arnau: kinetic voice концерті Нұр-Сұлтанда 29 маусымда Астана күніне орай өтіп, 40 мың көрермен жинады.

Димаштың тыңдармандары әлемнің 64 елінен Қазақстанға әншінің шоуын көруге келді.

Кеш қонақтарының бірі - танымал ресейлік композитор әрі продюсер Игорь Крутой Димаш "Любовь уставших лебедей" әнін айтқан кезде сүйемелдеп отырды.

Жаңалықтар
0