Видео

Үлкен қызға қырындаған оқушының биі жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео

Жазылу
Мектеп оқушысы жоғары сыныпта оқитын қыздың алдында бар ынта-шынтасымен билеп, оның назарын аударғысы келген

Дегенмен қыз оны көзіне де ілмей, басқа жаққа қарап тұрады. Биші бала бірден беріле салатын "босбелбеу" емес екен. Бұл батыл балақай жүзі суық аруларды қалай "жібітудің" құпиясын білетін секілді. Оның махаббат жолындағы табандылығы мен қайсарлығына тәнті боласың! Қыздың немқұрайлық танытуы жас жүректегі сезім отын одан сайын лаулатып жібергендей.  

Тойда билеген толық әйел жұртты күлкіге қарық қылды 

Мұндайда: "Оу, тәкаппар ару, көз қиығын салсайшы! Соншама қатыгез болма! Жігіт сен үшін бәрін жасап жатыр ғой!", - дегің келеді екен.

Өмірде болған күлкілі оқиға сізге езу тартқызатыны сөзсіз!  

Жаңалықтар
0