Видео

Назарбаев Жастар жылын ашты - онлайн-трансляция

Жазылу
Сәрсенбі, 23 қаңтарда Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағындағы "Нұр әлем" павильонында "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр.

Шараға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, үкімет мүшелері, депутаттар, жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері, "100 жаңа есім" конкурсына қатысушылар, "Болашақ" бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, жұмысшы, жас спортшылар, дарынды балалар, балалар үйінің тәрбиеленушелір мен сол жерден шыққандар, ерекше қажеттілігі бар жастар, әскери қызметшілер және өзге де көптеген адам қатысуда. 

Шақырылғандар ішінде талантты қазақстандық әнші Димаш Құдайберген, жас шахматшы Жансая Әбдімәлік, актер Артур Төлепов, актриса Құралай Анарбекова, YuFrame вайнері Артур Асқарұлы да бар.

Шара аясында қазақстандық жастар әзірлеген табысты жобалар мен жаңа өнімдер таныстырылады.

Жаңалықтар
0